Татьяна Токарницкая мен Тимофей Емельянов Гонконгтағы марафонда чемпион атанды

Қытайдың Гонконг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Ұлттық құрама спортшысы Татьяна Токарницкая мен Тимофей Емельянов алыс қашықтыққа жарыста мәреге бірінші келді. Токарницкаяның уақыт көрсеткіші - 1 сағат 45 минут 53.02 секунд. Тимофей жарыс жолын 1 сағат 28 минут 11.57 секундта аяқтады.

Байдарка 20 шақырым, жүлдегерлер:
1. Татьяна Токарницкая (Қазақстан)
2. Дин Ти Тран (Вьетнам)
3. Эмири Ватанабе (Жапония)

Каноэ, 16 шақырым, 800 метр, жүлдегерлер:
1. Тимофей Емельянов (Қазақстан)
2. Шадиёр Даминов (Тәжікстан)
3. Амиржон Бабожонов (Тәжікстан).