Коронавирус қаупі: Мекке мен Мединедегі қасиетті орындар жабылды
Коронавирус қаупі: Мекке мен Мединедегі қасиетті орындар жабылды
© сурет интернеттен алынды
258
оқылды
20 наурыздан бастап Сауд Арабиясы Корольдіктің коронавирусты тоқтату шаралары аясында Мекке мен Мединедегі мешіттерді жауып жатыр. Бұл туралы бүгін Үлкен мешіт пен Пайғамбат мешіті ісі жөніндегі бас басқарманың өкілі мәлім етті, деп хабарлады Al Arabiya порталы. «Коронавирустың таралуының алдын алу және ескерту шаралары аясында Қауіпсіздік және денсаулық сақтау қызметі 20 наурыздан бастап Меккедегі Үлкен мешіт пен Мединедегі Пайғамбар мешітіне баруға тыйым салды және сыртқы сарайында намаз оқуды тоқтату туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілі Twitter-дегі мәлімдемесінде. 19 наурыздағы жағдай бойынша Сауд Арабиясында 274 адам коронавирус жұқтырған. Бейсенбі күні кешкісін Король Салман ибн Абдул-Азиз телеарна арқылы мәлімдеме жасап, коронавирусқа қарсы күресте үкіметтің барлық шараларды қабылдап жатқанын және елдегі әр тұрғын мен азаматты дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен және керек заттармен қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатқанын айтты.