Алматылық “Қайрат” футбол клубы бүгін Чемпиондар лигасының 5-турында сырт алаңда “Копенгагенге" қарсы матч өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Матчтың алдында Рафеэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында ойынға сақадай-сай екенін, көп уақыт тынығып дайындалуға да уақыт жеткілікті болғанын атап өтті.
"Барлығымыз да ойынға қатты асығып, тағатсыздана күтіп отырмыз. Демалудан да шаршадық, ал тынығып, сабырлы түрде дайындалуға уақыт жеткілікті болды. Енді матчты ерекше күтіп тұрмыз және жақсы нәтиже көрсете аламыз деп үміттенеміз. Өткен аптада халықаралық матчтарға қатысқан бірнеше ойыншымыз да демалысын алып, қайта қалыпқа келді.” – деді Уразбахтин.
Айта кетейік, бұл матч қос құрама үшін де тартысқа толы әрі маңызды матч болмақ.
Чемпиондар лигасының кестесінде “Копенгаген" 33-орында тұрса, “Қайрат” одан бір саты төмен 34-орынға жайғасқан. “Қайрат” жеңіске жеткен жағдайда 3 ұпайға ие болады.