Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 87 адам коронавирус жұқтырған
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 87 адам коронавирус жұқтырған
© Сурет ғаламтордан
186
оқылды
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 87 адам коронавирус жұқтырған. Елде вирус жұқтырғандардың саны 8 652 адамға жетті.
20 наурыздағы мәліметтер бойынша, коронавирус жұқтырған 34 адам Тэгу қаласында, 17 адам - Сеулде, 14-і - Кенгидо провинциясында, 13-і - Кенсан-Пукто провинциясында. Үш адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны - 94 адам.
Сондай-ақ, бір тәулікте 286 адамның коронавирустан айыққаны айтылады. Қазіргі уақытта Кореядағы барлық мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер 6 сәуірге дейін жабылды.