Нұр-Сұлтанда алдағы 3 күнде көктайғақ болады
Нұр-Сұлтанда алдағы 3 күнде көктайғақ болады
Фото: Интернеттен алынды
150
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» ескертуі бойынша 5, 6 және 7 ақпан күндері көктайғақ болатынын хабарлайды.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Департамент Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға, ауа райының өзгеруі мен шектеулер туралы ақпаратты бақылауға, қатты жел болғанда жақын маңдағы ғимаратты паналауға кеңес береді.
Сонымен бірге, құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа райынан қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын қабылдауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын шектеу ұсынылады. Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.