Танымал тележурналист өмірден өтті

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды.

Тележурналист Диля Ибрагимова өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады. Журналист бірнеше жыл бұрын ауыр дертпен күресіп жүргенін айтқан. 

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты. 

«Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», - деді министрліктен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.