Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солермен күресті.

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солермен күресті.

Тартысты белдесуде отандасымыз жеңіске жетті.

Осылайша, Әбужақынова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, алғашқы жарыс күні финалдық кезеңге тек Әбиба Әбужақынова жетті.