Мәулен Әшімбаев, Сенат Төрағасы: Саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі

Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері мен ауыл әкімдерінің басым көпшілігі қатысқан кездесу осындай ауқымды құраммен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңір­лерді, оның ішінде ауылдық жер­лер­ді дамытуға арналған ма­ңыз­ды міндет­терді айқындап бер­ді. Мем­лекет басшысы ауыл­ды өркендету елдің стратегиялық мүддесі екеніне назар аударып, бұл ретте әкімдердің рөлі мен жа­уапкершілігін түбегейлі қайта қарау қажет екенін баса айтты.

Шын мәнінде, ауыл – ұлттың өзе­гі. Сондықтан ауылдың әлеуе­тін арттыру – тұтас ел дамуына ықпал ететін қадам. Сол себепті, соң­ғы жылдарда ауылдарда ин­фра­құры­лымды жаңғырту, білім беру, ден­сау­лық сақтау салаларын жетіл­діру, интернетке қолжетім­ділікті қамта­масыз ету, кәсіп­керлікті қолдау ба­ғыттарында ауқымды жұмыс ат­қарылды. Мемлекет басшысы осы қарқын­ды жоғалтпай, әрі қарай да жүйе­лі, нақты және тиімді іс-қимыл қажет екенін тілге тиек етті.

Президентіміз атап өткендей, бұл ретте ең маңызды міндеттер­дің бірі – жергілікті басқаруды күш­ейту. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау аймақтар­дың саяси мәде­ниетін арт­тыр­ып, әкімдерге жаңа жауап­кер­шілік жүк­теді. Алайда, Мемле­кет бас­шысы сайланған әкім­дердің құзыреті толық ай­қындалмағанына, олардың қолы­нда қа­жетті нақты тетіктер­дің жоқ екені­не назар аударды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл кемшілікті жою үшін ауыл әкім­дерінің мәртебесін қарап, олар­дың өкілеттігін күшейтуді, артық әрі қайталанатын міндет­тер­ді алып тастауды, мемлекеттік де­рек­қор­ларға қолжетімділікті қам­тамасыз етуді, халық алдын­дағы есеп беруді заңмен бекітуді тапсыр­ды. Бұл – әкімдердің жұ­мысын формалды емес, нақты нәтиж­еге бағыттайтын маңызды қадам.

Ауыл әкімдіктерінің қызмет­кер­лерін қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Сон­дай-ақ аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау тапсырылды.

Жиында экономикалық дер­бестік мәселесіне де баса мән бер­іл­ді. Президентіміз ауыл бюд­жет­тері әлі де жоғары деңгейдегі ор­ган­дарға тәуелді екенін айтып, салықты табыс табатын жерде тө­леу қағидатын енгізу және эко­ло­гиялық айыппұлдар мен мүлік салы­ғының бір бөлігін жер­гілікті бюджетке бағыттау тетік­терін қарас­тыруды жүктеді. Мұндай шара­­лар ауылдардың дамуына үлкен серпін беретіні анық.

Мемлекет басшысы ауыл шаруа­шылығын дамыту жолында кооперативтерді нығайту мәсе­лесіне ерекше тоқталды. Қазіргі кооперативтердің көпшілігі тол­ық­қанды шаруашылық бірлі­гін­­е ай­нал­май, делдалдық сипатта қалып отырғаны белгілі. Бұл – ауыл эко­но­микасындағы басты тежеуші фак­тор. Сондықтан Пре­зи­дентіміз кооперацияны ел бойынша жүйелі түрде кеңейту, «Ауыл аманаты» жоба­сын күшей­ту, ауыл бизнесіне қажетті инфра­құрылымды жаңарту керек екенін айрықша атап өтті.

Бүгін ерекше көңіл бөлінген тағы бір маңызды сала – цифр­лан­дыру және жаңа технология­ларға бейімделу бағыты болды. Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстанды ауылдарсыз құру мүмкін емес», деп жергілікті әкім­дерді ақпараттық жүйелер­мен жұмыс істеуге, дерек­терге негіз­дел­ген шешім қабылдау­ға, жасан­ды интеллект дәуіріне дай­­ын болуға шақырды. Бұл – ауыл мен қаланың даму деңгейін тең­ес­тіруге жол ашатын негізгі шарт.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы елімізде жүргізіліп жат­қан саяси реформаларға тоқталып өтті. Нақты айтқанда, бір пала­талы Парламент құру бастамасы жөнінде пікір білдіріп, бұл «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнық­тыра түсуді көздейтін қадам екені­не назар аударды.

Жиында бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтыны айтылды. Яғни, бар­лық депутат бірдей тәртіппен сай­ла­нады. Осылайша, кәсіби депут­ат­тық корпус қалыптасады. Ат­ал­ған үдеріс еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңін бастай­тыны сөзсіз.

Жалпы, мемлекет әрдайым ауылды қолдай береді. Прези­ден­тіміз бұл бағытта жаңа көзқарасқа, озық ойға және жаңартылған тәсілдерге басымдық берудің маң­ызы зор екенін айтты.

Ең басты мақсат – экономи­ка­ның тұрақты, сапалы өсімін қам­тамасыз ету арқылы азамат­тардың өмір сүру деңгейін арт­тырып, әл-ауқатын жақсарту. Осы жолда Пар­ламент қолға алынған баста­ма­лар­ды заңнамалық тұрғы­дан қам­­тамасыз етуді жалғастыра береді.

Орталық пен өңірлер, оның ішінде ауылдық жерлер үйлесімді және жүйелі жұмыс жүргізсе, Мем­лекет басшысы жүктеген міндет­терді сапалы әрі уақтылы іске асырып, көздеген мақсаттарға қол жеткізетін боламыз. Сондықтан барлық әріптесімді осы істе бел­сенділік танытып, Прези­денті­міздің бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін бар күш-жігерді жұ­мылдыруға шақырамын.