Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол үйіне жаңа көмекші алғанын айтып, оқырмандарына таныстырды.
«Тағы да бір қызды болдым. Танысып қойыңыздар, есімі Джой», - деді продюсер.
Продюсер жаңадан босанған келінін қолдайтынын айтты. «Келін жас қой, өзі қарай алмай ма, 1 бала ғой» деген оқырман сұрағын жауапсыз қалдырмады.
«Өзімен айналыссын. Тағы туа берсін уайымсыз. Үйдің жұмысынан еш келінім қиналған емес, көмекші дайындап беремін ғой бәріне де, енді ағылшын тілін меңгеруге қосымша көмек болады. Ұнап жатса, басқа келіндерге де қарастырамын», - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.