Бүгінге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлінулердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктер 2025 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлінулердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. 

Осы кезеңде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

"Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде төмен бұрқасын мен көктайғақ болуы ықтимал. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Температуралық фон өңірлер бойынша әртүрлі болады:

- Солтүстікте аздап жылыну байқалады: түнде -8°С, күндіз +5°С.

- Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы біртіндеп +3…+11°С-қа дейін төмендейді, таулы аймақтарда -5°С.

Елдің басқа бөліктерінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 28–30 қараша аралығында Астанада ауа температурасы -9°С-қа дейін төмендейді. Шымкент пен Алматыда минус көрсеткіш тек түнде байқалады.