Астанада әйелдер автобустағы орын үшін төбелес шығарды

Келіспеушілік тез арада төбелеске ұласқан.

Бүгін елордалық автобус ішінде 26  және 36 жастағы екі әйел орынға таласып, жанжал шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Келіспеушілік тез арада төбелеске ұласқан.

Желіде тараған бейнежазбада әйелдердің бірінің басы қанға боялғаны, ал оның жанында кішкентай қызы жылап отырғаны көрінеді.

Полиция бұл оқиға бойынша «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.