Жұмысқа жарамсыздық туралы анықтаманы онлайн түрінде алуға болады
Жұмысқа жарамсыздық туралы анықтаманы онлайн түрінде алуға болады
© Сурет ғаламтордан
233
оқылды
Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев БАҚ өкілдеріне онлайн-брифинг өткізді. Оның айтуынша, бүгін Алматыда тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Қазір Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларында коронавирустық инфекция расталған 22 пациент бар. Бүгін ауруы расталған үш пациенттің бірі қала тұрғыны, шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының ауыруы, құлақтың бітелуі сияқты симптомдарға байланысты, 18 наурызда одан COVID-19-ға лабораториялық талдаулар алынды. Кеше оң нәтиже алынып, пациент дереу стационарға оқшауланды. Коронавирус расталған екінші пациент Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі. Ұшып келген 12 наурыздан бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болды. 1997 жылы туылған үшінші ер адам 19 наурызда түнде Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келді. Провизорлық госпитальға карантинге түсті. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бүгінгі жағдай бойынша 20 науқастың денсаулығының жай-күйі – қанағаттанарлық, 2 адамда ауырлығы орташа. Қазіргі уақытта қаланың провизорлық госпитальдарында карантинде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам медициналық бақылануда.
«Стационарда жатқан аурулар вирусқа қарсы сипмтоматиялық терапия емдерін алуда. Ем ағымында денсаулықтары жақсарып келеді. Бұл олардың дене қызуының қалыпты жағдайға түскенінен байқалады» деді Тілеухан Әбілдаев. Сондай-ақ ол журналистер қойған сұрақ бойынша, жұмысқа жарамсыздық туралы анықтаманы онлайн түрінде алуға болатынын айтты.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ