УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ойын 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Астана Арена» стадионында өтеді.
Билетті сатып алу үшін пайдаланушы келесі деректерді көрсетуі қажет:
- ЖСН.
- мобильді телефон нөмірі.
- электрондық пошта мекенжайы.
Лимиттер:
- бір пайдаланушы 2 билеттен артық сатып ала алмайды.
- төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады.
Билетті алу тәртібі:
- SMS-хабарлама матч күні жіберіледі.
- Көрсетілген e-mail-ге QR-билет сілтемесі жолданады.