Танымал әнші, оқырманы көп Ерке Есмахан өз парақшасында туған күнін отбасымен бірге атап өтіп жатқаны туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Күйеуі Райммен туған күнін қарсы алған Ерке Есмахан өз оқырмандарына арнайы тосынсый жариялаған. Туған күніне орай парақшасындағы рилске лайк басып, құттықтау пікір қалдырғандардың арасынан 100 мың теңге көлемінде ақша шашуына уәде берді.
«Туған күнім келіп жетті! Дәл қазір тортпен шай ішіп отырмыз күйеуім екеуіміз. Ұлдарым пысылдап қасымызда ұйықтап жатыр. Шүкір! Туған күніме орай парақшамдағы осы рилсқа лайк басып, құттықтау коммент жазғандарға 100 мың теңге шашу шашамын. Мейірімді болып отырмын торт жегесін», - деп жазды ол.
Әншінің бұл бастамасы оқырмандары арасында жылы қабылданып, көптеген құттықтауларға себеп болды.
Айта кетейік, Ерке Есмахан бүгінде 41 жасқа толды.