Павлодарда жүкті әйелдер арқылы 200 миллион теңге жәрдемақы жымқырғандар тексеріліп жатыр

Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атымен 50-ден астам жүкті әйелге 6 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған жәрдемақылар төленген.

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Есепші кәсіпкерлердің ЭЦҚ-ларын рұқсатсыз пайдаланып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар мен еңбек қатынастары ресми рәсімделгендей көрінетін өзге де құжаттарды дайындаған. Сонымен қатар бірнеше таныстары тартылып, олардың міндетіне жүкті әйелдерді табу және ұсынылып отырған рәсімдеудің заңды екеніне сендіру кірген.

"Ұсынылған жалған деректер негізінде уәкілетті органдар тарапынан жәрдемақылар тағайындалған. Алынған қаражат кейіннен схеманың қатысушылары арасында бөлінген", – деп мәлімдеді Агенттіктің баспасөз қызметі.

 

Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атымен 50-ден астам жүкті әйелге 6 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған жәрдемақылар төленген. Мемлекетке келтірілген залал 200 миллион теңгеден асты. Соттың санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне тыйым салынды.