Аз жалақымен-ақ қалай ипотека рәсімдеуге болады?

Мысалы, айына 500 мың теңге табыс болса, ипотека мен басқа да қарыздар бойынша төлемдер 250 мың теңгеден аспауы керек. Егер төлем бұл мөлшерден көп болса, банк өтінімді кері қайтарады.

Ипотека алу үшін қанша табыс қажет?

Банктер ипотека рәсімдеуге нақты табыс шегін белгілемейді. Бірақ жалақының мөлшері қарыз алушы ала алатын несие сомасына тікелей әсер етеді. Жалақының бәрін ипотекаға жұмсауға болмайды.

Банк өтінімді қарау кезінде қарыз жүктемесінің коэффициентін (ҚЖК) есептейді, яғни табыстың қанша бөлігі міндетті төлемдерге кететінін бағалайды. Жол берілетін шек табыстың 50%-ынан аспауға тиіс. Яғни барлық міндетті төлем соның ішінде ипотека, табыстың жартысынан аспауы керек.

Мысалы, айына 500 мың теңге табыс болса, ипотека мен басқа да қарыздар бойынша төлемдер 250 мың теңгеден аспауы керек. Егер төлем бұл мөлшерден көп болса, банк өтінімді кері қайтарады.

1. Қарыз алушыны тарту

Егер қарыз алушының табысы банк талаптарына сай келмесе, өзінің қасына тағы бір қарыз алушыны тартуға болады. Басты талап — тұрақты және жеткілікті табыс.

Бұл жағдайда табыстар қосылып есептеледі, яғни төлем қабілеттілігі мен мақұлдану мүмкіндігі артады.

Бірнеше қарыз алушыны тартуға болады. Олар туыстар да, достар, әріптестер болуы мүмкін. Демек олар қарызды төлеуге бірдей жауапты болады, бірақ ипотека арқылы сатып алынған мүлікке меншік құқығы болмайды.

2. Қосымша табыс туралы хабарлаңыз

Ресми жалақыдан бөлек, банк келесі табыс көздерін де ескеруі мүмкін:

- фриланстан табыс;

- жалға берілетін мүліктен түсетін кіріс;

- дивидендтер;

- ЖК немесе отбасылық бизнестен пайда;

- авторлық немесе жобалық қаламақылар.

Қосымша табыс үшін жанама дәлелдер жеткілікті. Келісімшарттар, шот көшірмелері, салық есептері ұсынылады.

3. Қосымша кепіл ретінде зат ұсыну

Қосымша кепіл ретінде мүлік беру банктің тәуекелін төмендетіп, табысқа қойылатын талаптарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Кепілге алынуы мүмкін:

- пәтер,

- үй,

- коммерциялық жылжымайтын мүлік,

 -кеңселер.

Кепіл ретінде жарамсыз:

- саяжайлар,

- апатты жағдайдағы немесе ескі тұрғын үйлер.

Кепілге ұсынылатын мүлік қарыз алушыға да, үшінші тұлғаға да тиесілі болуы мүмкін.
Мысалы, досының немесе туысының пәтері. Бұл жағдайда меншік иесінің кепілге келісімін жазбаша түрде алу қажет. Кепіл міндеттемесі ипотека толық өтелгеннен кейін ғана алынады.

4. Қарыз жүктемесін азайтыңыз

Егер сіздің атыңызда басқа несиелер, бөліп төлеулер немесе алимент секілді төлемдер болса, бұл жалпы жүктемені арттырады және ипотеканың мақұлдану ықтималдығын төмендетеді. Идеал жағдайда, ірі несие алудан бұрын барлық несиелерді немесе көбісін жабу қажет. Тіпті бір шағын несиені жабу ҚЖК-ні жақсартады. Мүмкіндік болмаса, қолданыстағы несиелерді рефинансирлеу ұсынылады — бұл пайыз мөлшерлемесін, ай сайынғы төлемді және жалпы жүктемені төмендетуге көмектеседі.

5. Ипотеканың шарттарын қайта қарастырыңыз

Кейде тек ипотеканың өз шарттарын оңтайландыру жеткілікті.

Мысалы:

- Ипотека мерзімін ұзарту мерзім ұзаған сайын ай сайынғы төлем азаяды.

- Бастапқы жарнаны көбейту несие сомасы азайып, қаржылық жүктеме жеңілдейді.

- Бағасы арзан нысан таңдау пәтер немесе үй қаншалықты арзан болса, соғұрлым төлем де аз болады, мақұлдану мүмкіндігі артады.

Қосымша кеңес: Кредиттік тарихыңызды тексеріңіз

Банк ең алдымен сіздің кредиттік тарихыңызға қарайды. Кірісіңіз жоғары болса да, нашар кредиттік тарих ипотеканы мақұлдамауға себеп болуы мүмкін. Әсіресе жақында болған кешіктірілген төлемдер сіздің несие алуға деген мүмкіндігіңізді төмендетеді.

Сонымен қатар, кредиттік тарихта жиі кездесетін қателіктер:

- бөтен несиелер,

- жабылған, бірақ әлі базаға тіркелмеген қарыздар,

- шын мәнінде болмаған кешіктірулер.

Егер бұл қателіктер өтінімнен кейін анықталса, банк автоматты түрде бас тартуы мүмкін.

Жылына бір рет кредиттік тарихты тегін алуға болады:

- Бірінші кредиттік бюро сайтында,

- eGov немесе eGov mobile арқылы,

- ХҚКО немесе Қазпошта бөлімшелерінен.