Кристина Шумекова тағы да бірінші орын алды – Миландағы көрсеткіші үш алтынға жетті

Өткен жылы Кристина Шумекова Оңтүстік Кореяда өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған еді

Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы үш алтын медаль иеленді. Барлық жүлдені 19 жастағы Кристина Шумекова жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шумекова сенбі күні 1000 және 3000 метр қашықтықтарда бірінші орын алды. Бүгін ол 1500 метрде жеке рекордын жаңартып, мұз айдынының жаңа рекордын орнатты:
🥇 Кристина Шумекова (Қазақстан) — 1:57.84
🥈 Аяно Секигучи (Жапония) — 2:00.56
🥉 Цзяминь Цзян (Қытай) — 2:01.48

1500 метрлік қашықтықта 18 жастағы Анастасия Беловодова да үздік ондыққа еніп, сегізінші орын алды (2:03.98).

Өткен жылы Кристина Шумекова Оңтүстік Кореяда өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған еді.