Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшыларының қатарына енді

Мұндай рейтингті Instagram-да 3 миллионнан аса жазылушысы бар белгілі Score90 порталы жариялады

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 17 жастағы форварды Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік жас ойыншыларының тізіміне кірді. Мұндай рейтингті Instagram-да 3 миллионнан аса жазылушысы бар белгілі Score90 порталы жариялады.

Портал 2008 жылы туған әлемнің ең талантты футболшыларының тізімін ұсынды. Онда Сатпаев үздік бестіктің қатарынан орын алды. Бұл – қазақстандық жас ойыншылар үшін сирек және маңызды жетістік.

Score90 нұсқасы бойынша 2008 жылғы ең үздік 5 футболшы:

  1. Леннарт Карл («Бавария»)

  2. Ибраим Мбайе (Пари Сен-Жермен)

  3. Рио Нгумоа («Ливерпуль»)

  4. Онест Аанор («Аталанта»)

  5. Дастан Сәтпаев («Қайрат»)