Талғарда әйел ісінген саусағындағы сақинаны шеше алмай, құтқарушыларды шақырды

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз

Алматы облысының Талғар қаласында, Мақатаев көшесінде әйел ісіп кеткен саусағынан сақинаны өздігінен шеше алмай құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ісінген саусақтан сақинаны алды. Әйел медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!