Биыл Қазақстаннан қанша тонна астық экспортқа жіберілді?

Жаңа егіннен 3,1 млн тонна астық экспортталды.

«Қазақстан темір жолы» АҚ деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйектен 27 қарашаға дейін 3,1 млн тонна астық шығарылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде 2,7 млн тонна астық экспортталған.

Қазақстандық астықтың экспорттық тасымалы: Өзбекстанға – 32,8%-ға (1 066 мың тоннадан 1 416 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға – 2 есе (44 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға – 28,8%-ға (139 мың тоннадан 179 мың тоннаға дейін) артқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.