Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алатау ауданындағы Алматы қаласындағы «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам балалар арасындағы жанжалға араласып, баланы бар күшімен теуіп жіберген еді.
Күдікті жедел анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу ісі Полиция департаменті басшылығының бақылауында.