Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысында өңір медицинасын дамытуға қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Кеңес аясында денсаулық сақтау нысандарындағы күр­делі жөндеу,  цифрландыру үдерісін жеделдету,  жа­­санды интеллектті енгізу, аудандарда теле­ме­ди­ци­на арқылы онлайн-консультациялар санын арт­тыру мәселелері талқыланды.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбектің мәліметінше, ауданда 12 медициналық ны­санды жөндеу көзделген, соның ішінде 8 нысан­ның жөндеу жұмыстары аяқталған. Алайда 20 жыл­дан астам уақыт жөндеу көрмеген аудандық орталық ауру­хана жоспарда жоқ болып шықты. Бұл – нысан­ның аумақтық іс-шаралар тізіміне енбеуіне байла­ныс­ты.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқар­масы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаевтың баяндамасы тыңдалды. Кеңес мүшелері интернет сапасының төмендігі, цифрлық инфрақұрылым мен бейнебақылау жүйелерінің жеткіліксіздігі секілді мәселелерге назар аударып, нақты ұсыныстарын біл­дірді.

Барлық ұсыныс партия бақылауына алынып, тиіс­ті органдарға жолданады.

Елнар ЕЛТАЙ