CNBC телеарнасының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz роботакси қызметінің жұмысын түсіндіреді. Алдымен роботаксиге қатысты мына қызық видеоны тамашалап алыңыз, орысша субтитр қосуға болады:
Жол жүруді шақыру сервисінің БАӘ астанасында іске қосылуы Таяу Шығыстағы алғашқы жүргізушісіз роботакси қызметі болады. АҚШ-та Uber роботакси қызметін Остин, Финикс және Атланта қалаларында Alphabet компаниясының Waymo бөлімшесі арқылы ұсынып отыр.
Uber мәліметінше, Абу-Дабидегі жолаушылар UberX немесе Uber Comfort қызметін таңдаған кезде WeRide роботаксиін шақыра алады.
Nasdaq биржасында тіркелген WeRide компаниясы Uber-мен серіктестік туралы келісімді 2024 жылдың қыркүйегінде жасаған. Өткен жылдың желтоқсанында Абу-Дабиде бортында оператор бар жүргізушісіз сапарларды ұсынуды бастады. Ал қазанда Uber мен WeRide Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында қауіпсіздік операторы бар роботакси қызметін таныстырды. Uber алдағы бес жылда Еуропаны қоса алғанда, тағы 15 қалада WeRide қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.
Кешегі – фантастика, бүгін – шынайылық. Мына видеода Tesla Model Y жаңа электр көлігі зауыттан өзі шығып, болашақ иесіне өзі барған:
Uber серіктестерімен роботакси сапарларынан түсетін кірісті қалай бөлетіні жөнінде ақпарат бермеді. Оның бәсекелестері де жүргізушісіз технологияны белсенді енгізіп жатыр. Мысалы, Lyft компаниясы осы жылдың қыркүйегінде Waymo-мен серіктесіп, 2025 жылы Нашвилл қаласында роботакси қызметін ұсынатындарын мәлімдеді.
Uber-дің айтуынша, Абу-Дабидегі жүргізушісіз көліктер Яс аралының кейбір аймақтарында жұмыс істейді. Жолаушылар автономды жүргізу опциясын таңдаса, роботакси келу мүмкіндігі артады. Сапар кезінде көмек көрсету қосымша арқылы және көліктегі планшет арқылы қолжетімді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.