17-21 желтоқсан аралығында Астанада бадминтоннан ірі халықаралық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жарысқа 43 елдің спортшылары қатысады.
ҚР ҰОК мәліметінше, турнирге қатысушылардың қатарында Дмитрий Панарин бастаған Қазақстан құрамасы да бар.
Жекелей, жұптық және аралас сайыстар бойынша жүлделер сарапқа салынады. Astana International Challenge 2025 турнирі Beeline Arena-да өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.