«Мынадай дауысын неге көрсетпеген?»: әнші Бейбіт Сейдуалиева жұртты талантымен таңғалдырды (видео)

Бейбіт Сейдуалиева Уитни Хьюстонның хитке айналған туындысын нақышына келтіре орындаған.

Әнші Бейбіт Сейдуалиева тыңдарманды таңғалдырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде әншінің бұрынғы видеосы жарияланды. Онда Бейбіт Сейдуалиева Уитни Хьюстонның хитке айналған туындысын нақышына келтіре орындаған. 

Желі қолданушылары әншінің талантына тәнті болып жатыр.

«Негізі әлемдік әнші еді», «Сен қазақтың Уитниі екенсің ғой», «Таңғалып отырмын. Бейбіт нағыз талант екен ғой», «Мына дауысты бұрыннан неге көрсетпеген?», «Бейбітте осындай дауыс бар деп ойламаппын, керемет қой мынау», «Мұндай дауыстың көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.