Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын болжады

Қазақстан бойынша 2025 жылғы 4-6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады,  жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында 4-5 желтоқсанда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.