World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Наталья Богданова өзіне су жаңа көлік – Toyota Land Cruiser сатып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Мен көлік сатып алдым! Бұл көлікті мен бостан бос сатып алған жоқпын. Өз-өзіме еңбегіме, талпынысыма және арманға деген сеніміме берілген сый. Жолым оңай болған жоқ: күмәнданған, қиналған сәттерім көп болды. Бірақ берілмедім. Әрбір қадам, әрбір кішігірім жеңіс мені осы күнге жеткізді. Бүгін қолымда еңбектің және өзіме деген сенімнің символы тұр. Арманым орындалды. Құттықтап, жылы сөз айтқандардың бәріне алғыс айтамын – жақсыл сөз бен лебіздеріңіз шабыт береді. Бұл көлік жаңа бастамалардың, үлкен жетістіктердің жолын ашсын. Әр сапар бәрі мүмкін екенін еске салсын", – деп жазды боксшы.