Полиция қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
«Павлодар-Қызылорда» автожолында КамАЗ жүк көлігі жол шетіне түсіп кетіп, аударылған.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 желтоқсан күні Екібастұз қаласының Марғұлан ауылынан 20 шақырым қашықтықта, «Павлодар-Қызылорда» автожолында КамАЗ-4310 көлігі жолдан түсіп кетіп аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, – деп хабарлады Өңірлік полиция департаментінен.