Қытайда вирус жұқтырғандардың саны 27,4 мың адамнан асты. Соңғы тәулік ішінде тағы 70 адам қайтыс болды, – деп жазады ТАСС ақпарат агенттігі. Осылайша, коронавирус дерті 562 адамның өмірін қиды. Атап өтер жайт, 1 135 науқастың сауыққаны да белгілі болды. Басылымының мәліметінше, қайтыс болғандардың көбі Хубей провинциясының тұрғындары екен. Хубейде коронавирустан 549 адам көз жұмған. Айта кетейік, Ухань қаласынан Қазақстанға оралған студенттерден де коронавирус анықталмады. Сонда да талапқа сәйкес, олар хаттамаға сәйкес, олар 16 ақпанға дейін карантинде болады.