Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларға байланысты біз басқаратын барлық қалалық автотұрақтар 21 наурыздан 15 сәуірге дейін ақысыз, тегін болады. Сізден тұрақ ережелерінің барлығын сақтауыңызды сұраймыз, атап айтқанда: • Көлігіңізді белгі қойылған тиісті жерге қойыңыз және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаңыз • Көлік қоюға арналған орынға ғана көлігіңізді тізгіндеңіз • Төтенше жағдайлар қызметі үшін өтуге болатын жолдарды жаппаңыз • Көлігіңізді тыйым салынған екінші жолға қоймаңыз Қалалық автотұрақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен бақылауды Алматы қаласының Жол полициясы басқармасы жүзеге асырады. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының негізінде, халықтың өмірі мен денсауығын сақтау үшін еліміздің барлық аумағында 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізілген болатын.