Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалдық кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.
Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша, ол аралық есепте алтыншы орында тұр.
Жарыстың көшбасшысы – жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында – Шун Сато (Жапония) 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.
Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.