Алматыда 11-қабаттан құлап кеткен адам мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні түсте Алмалы ауданындағы «Арбат» тұрғын үй кешенінде болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
«Бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке.