Дубайдағы әлем чемпионаты: бүгін үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

IBA ұйымдастырған жарысқа бүгін үш қазақстандық боксшы шығады.

Бүгін Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының екінші күні басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

IBA ұйымдастырған жарысқа бүгін үш қазақстандық боксшы шығады.

Бірінші болып 67 келіде сынға түсетін Санатәлі Төлтаев замбиялық Жералд Кабиндамен жұдырықтасады. Одан кейін 80 келі санатындағы Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезерге қарсы өз шеберлігін көрсетпек.

Кешкі сессияда 86 келіде жұдырықтасатын Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен кездеседі. Сондай-ақ Моңғолия құрамасы атынан бақ сынап жүрген қандасымыз Жандос Асқардың жекпе-жегін де тамашалауға мүмкіндік бар. Ал жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Айта кеткен жөн, жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Нурмагамед Юсупов тәжікстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, турнирді жарқын жеңіспен бастаған еді.