Ел экономикасын көтеруге үлес қосқанымызды мақтан етеміз – Индира Нұрлан

Бүгін сапа саласындағы жетістері үшін бірқатар кәсіпорын Президент сыйлығымен марапатталды. «Алтын Сапа» сыйлығының кезекті ресми рәсімінде «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы – «Азияфильтр» ЖШС таңдалды. Оның құрылтайшысы – Индира Нұрлан.

Фильтр саласында 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер бүгінгі марапаттың үлкен жетістік екенін сөз етті.  Ақмола облысы, Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Азияфильтр» ЖШС – ауаны зиянды қалдықтардан тазалайтын өндірістік фильтрлерді шығарады.

– Бүгінгі күн – біздің компания үшін айтулы күн. Бұған дейін екі рет қатысып, облыс деңгейінде ғана жеңімпаз атанғанбыз. «Ер кезек үшке дейін» дегендей, үшінші ретінде республика деңгейіндегі жеңімпаз атандық. Біріншіден, бұл марапат бәріміз үшін қуаныш, мақтаныш. Екіншіден, жауапкершілік сезімі арта түсті. «Еліміздің одан әрі қарқынды дамуына сіздер де күш салыңыздар» деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз, кәсіпкерлер – ұлттық экономикамыздың қарқынды дамытушы күштерінің біріміз. Сондықтан бұл марапатымыз бізді бағалағаны ғана емес, ел алдында үлкен жауапкершіліктің барын жақсы білеміз, – деді Индира Нұрлан.

Оның айтуынша, Қазақстандағы барлық өндірісті фильтрмен қамтамассыз етеді.

Тау-кен зауводтары, әртүрлі саладағы  зауадтың фабрикалар қолданады. Филтрация саласында 15 жылдан артық келе жатырмын. Біздің фильтр өндірістік саланың барлық жерінде қолданылады. Азық-түлік өнімі өңдеуден бастап, тау-кен орындарында, мұнай-газ өнеркәсібі, фармацевтика мен медицина орталықтары және әкімшілік мекемелердің бәрін қамтамассыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, біз бүкіл өнеркәсіптің тынысын бақылап, әр компанияның қарқынды жұмыс істеуіне атсалысып отырмыз.

Ісімізді алғаш бастағанда, біздің бескелесіміз Еуропа мен Ресейдің  компаниялары болатын. Әсіресе, біздің қазақстандық компания екенін білгенде талай есіп көз алдымызда «тарс» жабылған. Қазақстандық компания дұрыс жұмыс істемейді, сапасыз деген көзқарасты өзгерттік, ісімізді көрсеттік. Соның бір белгісі – бүгінгі марапат. Бұл біздің, яғни басшылықтың ғана жұмысы емес, бүкіл қызметкерлердің ерең енбегі. Еліміздің экономикасының дамуына үлес қосып, оның бір бөлшегі болғанына мақтан етеміз. Оның үстіне, соңғы 5 жылда мемлекет тарапынан оңтайлы жағдай көп жасалып жатыр. Бұдан да биік белесті бағындырып, ел экономикасының өсетініне сенімдіміз,  – дейді Индира Нұрлан.