Алматының Медеу аудандық соты бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкіне тыйым салды. Құжат "Сот кабинеті" порталында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Время" газетіне сілтеме жасап.
Шектеу қойылған мүлік қатарына екі жеке тұлғаға және олармен байланысты төрт компанияға тиесілі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік кірді. Жалпы сомасы – 2,63 миллиард теңге.
"Талап-арызда көрсетілген сома 2 550 635 252,63 теңге және төленген мемлекеттік баж – 76 524 956 теңге, барлығы 2 627 160 208,63 теңге көлемінде тыйым салынсын. Тыйым салу шарасы "Oil Snab" компаниялар тобы" ЖШС, "HILL Resources" ЖШС, "HILL Invest" ЖШС, "AvtoTechMas Ltd" ЖШС, сондай-ақ Дулат Пернешұлы Қожамжаров пен Гүлназ Сағатбекқызы Қожамжароваға тиесілі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке қолданылады" – делінген 17 қарашадағы сот ұйғарымында.
Тиісті шешім отандық банктің талабын қарау негізінде қабылданған.