Әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншіге кейбір оқырмандары тым көп мақтанатынын айтып, сынаған. Өнер иесі бұл өзінің қалыпты өмірі екенін айтты.
«Үйдің бергі жағын ғана көрсеттім ғой сіздерге. Соның өзіне «ойбай өтірік мынау, суретке түсетін жер ғой» деп жатыр екен көбісі. Негізі Муслимнің бөлмесі, күйеуімнің студиясы, сауна, үлкен гардероб, үш душ бөлмесін, подьезді көрсетпедім. Үлкен шаршы метр болған соң, үлкен румтур керек болды. Алда мүмкін румтур түсіріп қалармын. Ал мына суреттермен менің мақсатым үйдің атмосферасын жеткізу еді. Үй шашылмайды. 2 жұмысшы қыз жинап жүреді бәрін. Балалар ойнап шашса, артынша бірден жинап қояды. «Ой тағы мақтаншақ, өтірік» дейсіздер қазір. Әңгімелерімнің бәрі байский сияқты ғой. Дұрысы ештеңе айтпай-ақ қояйыншы», - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.