Машина жасау саласына қолдау артады

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан машина жасаушылар одағы Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар саланың даму перспективаларына тоқталып, оларды іске асыру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жиын­да биыл атқарылған жұмыс қорытындыланды.

Мәулен Әшімбаев іс-ша­раға қатысушы­ларға ілтипат білдіріп, Мемлекет бас­шысы Қазақстан хал­қы­на Жолдауында белгілеп бер­ген өңдеу өнеркәсібінің ба­сым бағыттарына назар ау­дарды. Палата Спикері олар­ды уақы­тылы әрі сапа­лы іске асырып, жаңа өн­ді­ріс орындарын ашу үшін за­манауи тәсілдерді қолдану және мемлекеттік органдар мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылы маңызды екенін атап өтті. Мұндай қадам са­ла­ның ішкі нарықтағы пози­циясын нығайтып, оны ха­лықаралық деңгейде да­­мы­­туға ықпал етеді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңыз­ды екенін айрықша атап өтті. Жалпы, машина жа­сау ғылымды қажет ете­тін, күрделі және озық сала ретінде елдің индустриялық дамуының негізгі драйвер­лерінің бірі саналады. Бұл сектор экономика­ның ара­лас салаларына мультип­ли­кативті әсер етеді. Сондай-ақ оның өнімдерінің қо­­­­сылған құны жоғары еке-ні белгілі. Сондықтан Пар­ламент Мемлекет басшысы жүк­теген міндет­тердің орын­далуы үшін дәйекті түр­де саланы қолдау жүйесін қалыптастырып келеді», – деді Сенат Төрағасы.