Әнші Мұрат Қожа Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Бәрекелді» бағдарламасында шығармашылықтағы жаңалықтары туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі «Жаулап алды махаббат» әні туралы сөз қозғады. «Әнді Бейбіт Қорғаннан қалай алдыңыздар?» деп сұраққа әнші «тартып алдық» деп қалжыңдады.
«Бейбіт бұл әнді студент кезде, жатақхананың дәлізінде гитарамен жиі орындайтын. Біз де курстас болған соң қасына жиналып, тыңдап жүретінбіз. Кейін продюсерлер Нұрлан екеумізге бізге рэп айтуды ұсынды. Сол сәтте Бейбіттің әні есімізге түсті. Продюсерлер бірден ұнатып, «осы әнді аламыз» деп шешті. Осылайша Бейбітпен келісімге келіп, әнді ресми түрде алдық», - дейді Мұрат Қожа.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.