Вашингтонда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл турнир 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтеді.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты жаңа форматта өтеді. ФИФА-ның футбол географиясын кеңейту бағдарламасы аясында финалдық кезеңге алғаш рет бірден 48 ұлттық құрама қатысады. Бұған дейінгі әлем чемпионаттарының (1998–2022 жылдар аралығында) финалдық кезеңіне 32 команда ғана іріктелетін.
Ойындар 16 қалада өтеді. АҚШ-та матчтар Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Филадельфия, Сан-Франциско және Сиэтл қалаларында өтеді. Мексикадан – Гвадалахара, Мехико және Монтеррей, ал Канададан – Торонто мен Ванкувер қалалары турнирге таңдалып отыр.