Дональд Трампқа FIFA-ның «Бейбітшілік» сыйлығын табыстады

FIFA президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, бұл сыйлық "спорт арқылы бейбітшілікті насихаттауға қосқан үлесі үшін" берілген.

FIFA АҚШ Президенті Дональд Трампты ұйымның тарихындағы тұңғыш "FIFA Бейбітшілік сыйлығының" (FIFA Peace Prize) лауреаты деп жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

FIFA президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, сыйлық "спорт арқылы бейбітшілікті насихаттауға қосқан үлесі үшін" берілген.

Associated Press дерегінше, футбол ұйымының мұндай саяси шешім қабылдауы күтпеген жағдай болды, өйткені FIFA әдетте спорттан тыс марапаттар бермейді.