«Нарынқол» шекара заставасындағы өрт: әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.