ШҚО-да балықшы жоғалып кетті

ТЖМ ресми ақпарат таратты

ШҚО құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны тауып, аман алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Күршім ауданында, Алғабас ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы жағасында 1962 жылы туған ер адам достарымен бірге балық аулап жүріп, көліктен алыстап, жоғалып кеткен.

Оны іздеуге құтқарушылар аттанды. ТЖМ-нің іздеу тобы ер адамды тауып, жағалауға дейін жеткізді. Медициналық көмекті қажет етпеген, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында