Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті табысқа қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл жолы Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанып, ел қоржынына екінші алтын медальды салды. Ол 87 келіге дейінгі салмақта үздік шығып, финалда Иран спортшысы Мохаммад Ализадені айқын басымдықпен жеңді.
Осы нәтижемен Қазақстан құрамасының жүлде саны үш медальға жетті. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан алтын медаль еншілесе, Темірлан Тілеулес қола медаль алған болатын.