Бүгін «112» қызметіне Қызылорданың «Сол жағалау» шағынауданындағы көпқабатты үйдің бір пәтерінде 4 және 5 жастағы екі баланың өз бетімен сыртқа шыға алмай қалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы слесарлық құралдың көмегімен есікті ашты.
Пәтерден табылған балалардың жағдайы жақсы, медициналық жәрдем қажет болмады. Ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді, - деп жазылған ресми хабарламада