Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зорлықшыға қатысты үкім шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тасқала ауылының тұрғыны екі бап бойынша кінәлі деп танылды: кәмелетке толмаған баланы ұрлау және зорлау.
Қайғылы оқиға жазда болған. Қыздың отбасы мерекені тойлап жатқан.
Қонақтардың арасында бұрын ұрлық үшін жазасын өтеп келген ауылдасы да болған.
Ер адам кішкентай қызды дүкенге апарып, тәттілер алып бергісі келетінін айтқан, ата-анасы баланы жібереді.
Алайда ер адам мен қыз бір-екі сағат өтсе де қайтып оралмайды. Ата-анасы полицияға хабарласқан. Полицейлер де, алаңдаушы тұрғындар да жоғалған кішкентай қыз бен еркекті іздестіреді. Келесі күні оларды орманның шетінен табады.
Ер адам бірнеше алкоголь бөтелкелерінің ортасында қатты ұйықтап жатқан.
Қыз да сол жерден ес-түссіз табылады. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер шок пен жыныстық зорлық-зомбылықты растады.
«Сотталушы жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағанын анық біле тұра, оған тәттілерді сатып алып, оны оңаша жерге апарамын деп алдап, сол арқылы ұрлап алып кеткен, сол жерде кәмелетке толмаған балаға жыныстық қылмыс жасаған», - делінген сотта.
Педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.