Алғашқы қар түскеннен кейінгі 5 кеңес

Қыс та келді

Алғашқы қар түсе салысымен жол жағдайы күрт өзгереді. Сондықтан көлік жүргізушілері қысқы режимге ауысып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет. Ең алдымен автокөліктің қысқы дөңгелекке ауыстырылғанына, тежегіш жүйесінің дұрыстығына көз жеткізу маңызды.

Жаяу жүргіншілер үшін де сақтық шаралары қажет. Тайғақ жолда асықпай жүру, табаны сырғымайтын аяқ киім кию және жолдан өтерде аса мұқият болу керек. Көріну төмендеген кезде ашық түсті немесе шағылыстырмалы киім киген жөн.

Алғашқы қармен бірге тұрмыстық қауіптер де артады. Шатырдан түскен қар, мұздақтар қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан аула, кіреберіс маңын уақтылы тазалау, балаларды сыртта жалғыз қалдырмау ұсынылады. Суықтың күшеюін ескеріп, жылы киініп жүру де маңызды.

Таңертеңгі уақытта көктайғақ жиі болады. Осыған байланысты жұмысқа, оқуға ертерек шыққан дұрыс. Қоғамдық көлікпен жүргенде де абай болып, аялдама маңында сақтық сақтаған жөн 

Қыс мезгіліне дайындық – қауіпсіздіктің басты кепілі. Әр адам өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарап, алғашқы қардан кейінгі кезеңді сақтықпен өткізгені дұрыс.