Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сондай-ақ белгілі актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. «Құрмет» орденімен конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды», – деп жазды Аида Балаева.