Әлем чемпионаты: аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай жеңіске жетті

4:1 есебімен басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

IBA ұйымдастырып жатқан Әлем біріншілігінде Нұрлан Сапарбай ширек финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан отандасымыз бейтарап елдің өкілі Иман Рамезанпурделвардан 4:1 есебімен басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бұған дейін Ерасыл Жақпеков жарыс жолынан шығып қалғанын  жазған едік. Отандасымыз үшінші раундта ресейлік қарсыласын нокдаунға жібергенімен, жеңіліс тапты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.