Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогында үздік ондыққа енді

Бұл додада могул бойынша жүлделер екі рет сарапқа салынды.

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Финляндияның Рука қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондықтың қатарына енді,  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл додада могул бойынша жүлделер екі рет сарапқа салынды. Алғашқы жарыста Городко жетінші орынды иеленді.

Келесі күні отандасымыз тағы да үздік ондықтың құрамына еніп, тоғызыншы болып мәреге жетті.

Аяулым Әмренова 26-орынға, Юлия Феклистова 31-орынға, ал Юлия Галышева 32-орынға табан тіреді.

Аустралиялық Энтони Джакара жеңімпаз атанды. Екінші орынға АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо, ал үшінші орынға Джейлин Кауф тұрақтады.