Қазақстанда 5 жаңа шекаралық өткізу пункті іске қосылады

Премьер-Министр Көлік министрлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-Министр Көлік министрлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Аталған мәселе Премьер-Министрдің тікелей бақылауында.